Ақтау мен Атыраудың ауасы алаңдатып тұр
Ақтау мен Атыраудың ауасы алаңдатып тұр
329
оқылды
 

Ауа ластанды – сергелдең басталды

Елімізде өнеркәсіп пен жылу энергия орталықтары және кө­лік­тердің саны артқан сайын ол­ардың ауа қабатына түзетін улы газдары да көбейіп отыр. Ст­атистикалық деректерге көз жү­гіртсек, Қазақстан бойынша жыл сайын атмосфераға түрлі ста­ционарлық көздерден 2,5 млн тон­на, ал көлік түтінінен 1 млн тон­на улы газ ауаға таралады екен. Біріккен Ұлттар Ұйымы да бұ­ған назар аудармай кетпепті. Ұйым сарапшыларының 2018 жылы жасаған мониторингіне сен­сек, халқымыздың 30 проценті не­месе 5 миллионға жуық қа­зақ­стандық атмосфералық ауа ластанған жерде өмір сүріп жа­тыр. Оның үстіне, 2 млн қа­зақстандық ауасы шамадан тыс лас­танған аймақтардың аранында тұр. Энергетика министрлігінің бол­жамы бойынша, орташа есеп­пен елімізде ауа жыл сайын 0,28 градусқа жылынып бара жа­тыр. Бұл да сол өндіріс ны­сандарының әсерінен. Демек, жұрт жарыса айтқан «Жаһандық жылыну» процесінің нышаны. Қауіпті қолдан жасағандаймыз. Ал Қазгидромет деректері мұны растап отыр. 2018 жылы Қазақ­станның 13 өңірінде ауаның өте лас екені анықталған. Бұл үрей­лі тізімге Батыс Қазақстан, Қы­зылорда, Түркістан және Жамбыл облысынан басқасының бәрі енген. Мәліметке жүгінсек, түтін мен улы газдың кесірінен тізімдегі аймақтарда формальдегид, фе­нол, аммиак пен азот диоксиді сын­ды химиялық элементтер ауа құрамында көбейген. Қазақ­станның осыдан бірнеше жыл бұрын «Париж» халықаралық ке­лісіміне қол қойғанын білеміз. Енді еліміз 2030 жылға дейін ауаға бөлінетін улы газдың мөлшерін 1990 жылдағыдай азайтуы тиіс. Яғни, парниктік газдар, со­ның ішінде көмір қышқыл га­зын мүмкіндігінше шектеп, ауа­дағы мөлшерін кем дегенде 55 процентке дейін түсіруі тиіс. Бірақ жоғарыдағы Қазгидрометтің қорытындысына қарап, «бұл мін­деттің орындалуы неғайбыл» де­ген ойға қаласыз.  

Атыраудың күйін Ақтау кешпей ме?  

Осы уақытқа дейін тұрғындары «сасық ауаға тұншығып отырмыз» деген Атырау тұрғындарының базынасын естідік, ол ақпарат құ­ралдарында жазылды да. Эко­логия министрлігінің өкілдері өңірге барып, жағдайды бақы­лауға алғандай көрінгенмен, бар­лық іс-шара әдеттегі «жалған есеп­ті тыңдайтын ресми жүз­десу» түрінде өткен сияқты. Қош, көп уақыт өтпей тағы бір жайтты құлағымыз шалды. Ақ­тау қаласының тұрғындары әлеу­меттік желіде қалаға түтін иісі келіп, тұншыға бастағандарын жазды. Бірақ қай өндіріс орнынан шыққан түтін екені белгісіз. Ал жергілікті табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу бас­қармасы еш мәлімдеме жасаған жоқ. Дегенмен тұрғындар назын бекер деп айта алмаспыз. Себебі 2011 жылы Ақтау қаласында ауа­ның шамадан тыс ластанғаны ха­барланды. Сол уақыттан бері мұнай кен орындарының жұ­мысы бір сәтке де тоқтамады. Сон­дықтан 2011 жылдан бері ауаның ластану деңгейі тұрақтанды де­генге сену қиын. Бұл екі қаланың келешегіне ерекше алаңдауымызға себеп бар. Олар еліміздің жетекші өндіріс аймақтары екені анық. Жер бай­лығының қайнар көзі де – осы мекендерде. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, 100 жыл бойы өндіріс аймағына айналған қалаларды экологиясы бұзылғаны үшін ке­ле­шекте тұрғындары тастап кетуі мүмкін екен. Мысалы, Жа­пониядағы көмір өндірісінің ке­сірінен бос қалған Хасима аралы мен Оңтүстік Намибиядағы алмаз қоры болған Намиб қаласы бар. Дәуренінде 200 мыңға жуық тұр­ғыны болған бұл қалалар өндірістің кесірінен қазіргі кезде қаңырап қалды. Жамандық ша­қырар ниет жоқ, алайда эко­логияға бейжай қарайтын болсақ, сол қалалардың күйін қос шаһар кешіп кетпейтініне ешкім кепіл бола алмасы анық.  

«Экология жылы» мәселені шеше ме?

Атырау қаласының ауасы ластанғаннан кейін пікірталас туып, қоғам белсенділері өз көзқарасын білдірді. Белсен­ділердің ойынша, 2021 жылды Экология жылы деп жариялау қажет екен. Бірақ келер жылға сол атауды беріп, ұрандата салғаннан мәселе шешімін таба қоя ма? Осы сауалды эколог мамандарға жолдаған едік.   JymabekЖұмабек КӨБЕЙҰЛЫ, эколог, Қазақ агротехникалық университетінің профессоры: – Жалпы, Атырау мен Ақтау қаласын келешекте тұрғындар тастап кетуі мүмкін дегенге сене қоймаймын. Ондай қатерлі деңгейге жете қоймады. Қос қалада ауа ластанып, экологиялық мәселе туындайтыны әуел бастан белгілі болған. Кеңес кезеңіне қарағанда қазір мұнай өте көп өндіріліп жатыр. Итбалықтардың қырылуына да сол өндіріс орын­дарының кесірі тиді. Бірақ мұ­ның артында белгісіз бір мүдде мен ақша жатқаннан кейін тұр­ғын­дардың наразылығын ба­са­тын дүние табылады. Кейін ұмытылып та кетеді. Ал келер жыл­ды Экология жылы деп жа­рия­лағаннан нәтиже болмасы тағы белгілі. 2002-2005 жылдары «Ауыл жылы» деген бағдарлама бол­ды. Бізде жобаның жүзеге асырылуы бөлек мәселе. Егер де жылдағы әдет бойынша жал­ғасқан бағдарлама болса, еш нә­тиже бермейді деп толық айта аламын.   EldosЕлдос АБАҚАНОВ,  эко­логиялық ұйымдар қауым­дас­тығы басқарма төра­ғасы­ның орын­басары:   – Еліміздің тек батыс ай­мақ­тарында ғана емес, барлық өңірде экология мәселесі күр­делі. Әр өңірдің экологиялық ер­ек­шеліктері бар. Теміртауда ауа тым лас, ал біз айтып отыр­ған Атырауда тіпті су тазарт­қыш қондырғылар да жоқ. Проб­леманың шешімі ретінде тек «Экология жылын» қарастыру аздық етеді. Бірақ бұл ұсынысты құптаймын. Егер жөндеп зер салып, іс атқарылса бір-ақ жыл­дың ішінде мәселені шешуге бо­лар еді. Жаңа «Экологиялық ко­декс» қабылданғанын білеміз. Бі­рақ механизмдер жетілдіру үшін тәжірибеміз жеткіліксіз. Пре­зиденттің өзі айтты, «Ұлттық жо­баларды жасау қажет» деп. Сон­дықтан осы жылы нақты эко­логияға арналған Ұлттық жоба әзірлеу керек. Бірінші кезек, қал­дықтар мәселесін шешу. Батыс өңір­лерде мұнай қалдықтары заң­сыз төгіліп жатыр. Екінші кезек, ауа мәселесі. Кәсіпорындар дұрыс жұмыс істемейді, болмаса ескі технологияларды қолданады. Кә­сіп­орындар стратегиялық бағы­тын қайта қарау керек. Халық ал­дында ашық болғаны жөн. Сол ар­қылы ауа құрамындағы улы газ­ды азайту үшін міндеттеме алуы қа­жет. Одан кейін канализация су­лары дұрыс тазартылмайды. Со­сын барып жаз мезгілінде күн ысығанда одан жағымсыз иіс шығады. Жаңағы айтқан Атырау облысында кәріз суын та­зартатын технология жоқ. Бір сөз­бен айтқанда, «Экологиялық ко­дексті» қатаңдату керек, ол үшін Экология жылының жария­ланғанын құптаймын.   

мадиярМадияр ТӨЛЕУ