Данэлия Төлешова America's Got Talent финалында ән шырқады – видео
Данэлия Төлешова America's Got Talent финалында ән шырқады – видео
Фото: Интернеттен алынды
159
оқылды

Байқаудың финалында қазақстандық әнші Данэлия Төлешова Alive әнін орындады.

«Бұл әнді орындау оңай емес. Дайындыққа аз уақыт қалса да, осы әнді таңдадық. Мені қолдаған жандарға алғысым шексіз», – дейді Данэлия Төлешова.

Әншінің PR-директоры Татьяна Синенконың айтуынша, бір тәулік бойы көрермен өзі ұнатқан әншіге дауыс береді. Нәтижесі ертең белгілі болады.   https://youtu.be/TlsIO7g9Rbw   America's Got Talent байқауының финалында 10 әнші бақ сынап жатыр. Данэлия Төлешова шілде айының соңында America’s Got шоуының үшінші турына өткен еді.

Әлемге танымал байқау пандемияға байланысты онлайн форматта өтіп жатыр. Біз бұған дейін Данэлия Төлешоваға АҚШ-та тұратын көрерменнің басым көпшілігі дауыс бергенін жазған болатынбыз.