Шымкентте қауіпті індет анықталған соң, дәрігерлер 20 адамды бақылауға алды
Шымкентте қауіпті індет анықталған соң, дәрігерлер 20 адамды бақылауға алды
Фото: Интернеттен алынды
136
оқылды

Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарасу ауылында 19 және 33 жастағы ағайындылар сібір жарасын жұқтырған. Екеуі мал бағып, оны сатумен айналысады. 

Қауіпті дерттің анықталуына байланысты мамандар аурудың ошағын анықтап жатыр. Дәрігерлердің болжамынша, науқастар ауруды малды сойған кезде жұқтырған болуы мүмкін. Қазір олармен байланысты болған 20 адам да бақылауға алынды.

Шымкент қаласы қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бөлім басшысы Балкүміс Мұсаева: «Екі науқас малды сойғанда ауру жұқтыруы мүмкін. Сібір жарасының ошағы Шымкент қаласы, Түркістан облысында бұрыннан бар», – дейді.