Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Реджеп Тайып Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды elbasy.kz. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Түркиядағы Элязыг және Малатья провинцияларындағы күшті жер сілкінісі салдарынан адамдардың қаза болуы туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдады. "Бұл қиын уақытта қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ Түркия халқына қайғырып көңіл айтамын. Зардап шеккендерге тез арада сауығып, отбасыларына қайта оралуды тілеймін", - делінген жеделхатта. Естеріңізге сала кетейік, соңғы мәліметтер бойынша, Түркияның екі провинциясында жер сілкінісі салдарынан қаза болғандардың саны 20-ға жетті. Элязыг провинциясы Сивридже қаласының маңында магнитудасы 6,8 баллдық жер сілкінісі жұма күні сағат 23.55-те (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) орын алды.