СІМ Нью-Йоркте дипломаттың қызын ит қапқаны туралы толық ақпаратты жариялады
СІМ Нью-Йоркте дипломаттың қызын ит қапқаны туралы толық ақпаратты жариялады
150
оқылды

Нью-Йорктегі қазақстандық дипломаттың қызын питбуль қапқаны туралы нақты ақпарат ҚР Сыртқы істер министрілігінде хабарланды.

Оқиға 2 қазан күні жергілікті уақыт бойынша таңғы 8-де Нью-Йорктің Ривердейл аймағында болды. Питбуль тұқымдас ит Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігі қызметкерінің 4 жасар қызына жүгірген.

«Бронкс аймағындағы Якоби ауруханасында беті мен мойнынан жарақат алған бала ауруханаға жеткізілді. Анасы мен баласы балабақшаға бару үшін үйден шыққан сәтте кенеттен пайда болған ит оларға жүгірген»,– деп хабарлады ведомоство.

Сол сәтте жақын жерде жүрген ер адам баланы иттен арашалап алған. орнына жедел жәрдем келіп, қызды ауруханаға жеткізді.

«Баланың өміріне қауіп төндіретін жарақаттар жоқ. Дәрігерлер ем-дом жасады. Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты және бірнеше күн ауруханада болады»,– деп түсіндірді ҚР СІМ.

Бұған дейін CBS New York қызметіне сілтеме жасап, Нью-Йорктегі қазақ дипломатының қызын питбуль қауып алғанын жазғанбыз.