Кәсіпкерлер Шымкент әкімдігіне өкпелі
Кәсіпкерлер Шымкент әкімдігіне өкпелі
122
оқылды
Жергілікті әкімдіктің Жолау­шылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан қызмет көрсету шарттарын бұзу туралы үшбу хат қаладағы жолаушылар тасымалымен айналысатын 24 көлік компаниясының 22-сіне жолданған. Осынау хабарлама Шымкент қаласының қоғамдық көлік саласында күрделі жағдай қалыптастырып отыр. Айта ке­тейік, үшінші мегаполисте қо­ғамдық көлік саласы әу бастан-ақ күрделі мәселе болатын. Тұр­­­­ғындар тарапынан бағдардың дұ­­­­рыс ұйымдастырылмауы, ав­то­­бустардың кешігіп келетіні, жо­­лаушыларға қызмет көрсету са­­пасының нашарлығы, шалғай елді мекендерге қоғамдық көліктің жүр­мейтіні туралы шағымдар жиі ай­тылып-ақ жүр. Осыны ес­керген қала басшылығы биыл осындай олқылықтардың орнын толтырамыз деп қоғамдық көлік жүйесінің жаңа концепциясын қабылдаған. Осы­лайша, бұл саланы үлкен өз­герістер күтіп тұрған. Сонымен қа­тар бұл реформа жо­лаушыларды тасымалдау қыз­метіндегі мәселенің шешімін де таппақ. Үшбу хат та кө­лік ком­панияларына осы себепті жі­берілсе керек. Алайда көлік компаниясын­дағы­лар мұнымен қаладағы өте кір­пияз саланы одан сайын тығы­рыққа тіремесе, жағдайды жақ­сар­та алмайды деп санайды. «Южав­тотранс» автотасымалдаушылар қауымдастығының төрағасы Дар­хан Қаюповтың айтуынша, әр әкім келгенде өз жаңалығын енгізеді.
– Осыдан екі жыл бұрын Ғабидолла Әбдірахымов әкім болып тұрғанда көлік компанияларының қалада маршруттарын жүргізуі үшін ке­лісімшартын 10 жылға, яғни 2028 жылға дейін созып берген. Жігіттер осыған сеніп көліктерін ғана емес, өздерінің, бірі туыстарының үйін-жерін кепілге қойып несиеге ав­тобустар сатып алған. Несие алу да оңай болған жоқ. Енді міне, жергілікті билік келісімшартты біржақты бұзамыз деп отыр. Себебі қалаға 600 жаңа автобус келе жатыр. Естеріңізде болса, қалаға 1 000 көлік келеді деген еді ғой. Сол кезде біз мұнша автобустың көп болатынын айтқанбыз. Дәл қазір Шымкент қаласында 850-900 автобус жолға шығып жүр. Оның жартысы жекеменшік, көліктерін несиеге алғандар. Бұл туралы жергілікті биліктегілерге де айттық. «Бұл мә­селені өздеріңіз шешесіздер. Біз конкурс жариялаймыз, кім жең­се сол компания бағыттарға жүреді» деп жауап берді дейді қауым­дастық төрағасы.
Енді жекеменшік көлік ком­панияларының «Конкурстан ұты­лып қалсақ не болады?» деген кү­мән­дары да бар. Себебі әне-міне қа­лаға келетін су жаңа 600 автобус конкурстан ұтып кетуі мүмкін.
Корпорация Руслан ЖШС-­нің директоры Дулатбай Қарабалаев 60 млн теңгеге 7 автобус сатып алған екен. Ал «Автокомбинат-4» ЖШС-нің директоры Бахыт Ермеков әр автобустың 2 млн теңге тұратынын, 20 көлік сатып алу үшін 40 млн жұм­сау қажетін айтады. «Сонда біз тағы жаңа автобус сатып алуымыз ке­рек пе? Бұл карантиннің қай уа­қытқа дейін созылатыны тағы бел­гісіз. Біз бұрынғы әкімнің ке­лісімімен 10 жылға дейін өз кө­лігімізді қала бағыттарына жүр­гізуіміз керек болатын. Енді қалада тағы қо­ғамдық көлік саласында жаңғырту болмақшы. Онсыз да күшейтілген карантин кездерінде жұмысымыз тоқтап тұрды, – дейді ол. avtobys Ал Дархан Қаюпов: «Әкім­діктегілер жаңа автобустарға орын дайындауымыз керек деп отыр. Сонда қалғандары не істеуі керек? Несиелерін қалай жабады? Тіпті, кепілге қойған дүние-мүліктер не болмақ? Осыған жа­уап бер­сінші. Бұл барлық тасымал­дау­шылардың жанайқайы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа, про­курорға хат жолдадық. Егер тұ­шым­ды жауап ала алмасақ, сотқа жүгінуге мәжбүрміз. Соңына дейін күресеміз», – дейді.
Жолаушылар көлігі және ав­то­мобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Мұхтар Қоқанбаев болса, жолаушы та­сымал­даушылар дұрыс түсінбеген болуы керек деген уәж айтады. «Әзір­ге олардың жұмысын тоқта­тып қоямыз деген бізде жоспар да жоқ», – дейді басқарма басшының орынбасары. Дегенмен жекеменшік көлік компанияларының иелері жаңа автобустар келсе қолданыстан шығып қаламыз деген қорқынышы басым екенін жасырмайды. Бүгінде 11 тасымалдаушы компанияның 1 млрд теңгеге жуық қарызы бар екен.
– Бұрынғы келісімшарт аясында қоғамдық көліктер өз бағытымен жүре берсін. Жігіттер несиесін төлеп алсын. Біздің сұрайтынымыз сол ғана, – дейді қауымдастық басшысы Дархан Қаюпов.
«Южавтотранс» қауымдасты­ғының ақпараты бойынша, 2017 жылы тасымалдаушы компаниялар 256, 2018 жылы 500 және 2019 жылы тағы 300 автобус сатып ал­ған. Нәтижесінде, өткен жылы жалпы қаладағы автобус паркі 1 700 автобусқа толыққан. Биыл Қостанайдан тағы 700 автобус жет­кізілмек. Тіпті, олардың бір бө­лігі қазіргі таңда маршруттарға шығып та қойыпты. Қауымдастық басшысы маршруттарды оңтай­ландыру кезінде Шымкентке жал­пы 1 000 автобус жеткілікті деп са­най­ды. Егер бұдан артық болып кет­се, тасымалдаушылар несиеге са­тып алынған техникасына есеп айырысу үшін және жалақыға жет­кілікті ақша таба алмайды. Қаладағы бұл мәселе бойынша Шымкент қаласы Кәсіпкерлер пала­тасы­ның басшылығы да келі­сімшартты бұзудың негізсіз екенін айтады. Көлік компаниялары әз­ір­ге талапқа сай жұмыс істеп отыр. Қалыптасқан жағдайды мұ­қият зерделеп, кәсіпкерлердің құ­қы­ғын қорғау жөніндегі кеңес­те талқылаған комиссия әр авто­буста қозғалыс тұрақтылығын қада­ғалауға арналған GPS-навигатор бар екенін де анықтаған. Көлік компанияларына бұл үшін IT­ SOFT ENERGY ЖШС өз қыз­метін көрсетеді. Алайда ти­іс­ті бас­қарма жолаушы та­сымал­даушы­лар таңдаған бұл ком­пания­ны емес, басқа комму­нал­дық ме­кемемен шарт жасасуды ұсын­ған. Кәсіпкерлік палатасы бұл ұсынысты да заңсыз деп санайды. Басқарма тарапынан көлік ком­панияларына жіберілген ха­бар­ламада биылғы сәуір-мамыр ай­ларында автобустардың қозғалыс тұ­рақтылығын сақтамағаны жөнін­де ескертіледі. Бірақ тасымал­дау­шылардың оған айтар уәжі де бар. Себебі бұл уақытта елдегі пандемия жағдайына байланысты қоғамдық көлік қозғалысына едәуір өзгерістер енген болатын. Тіпті, бұл кездері жолаушылар саны да аз­айып, жұмыс уақытының шектелуі жолаушыларға көрсететін қызмет сапасын да төмендеткен. Міне, осылайша Шымкенттегі көлік компанияларын бір шетінен пандемия кезіндегі шектеулер қыс­паққа алса, екіншіден жергілікті биліктің бүгінгі талабы оларды ты­ғырыққа тіреп отыр. Одан бөлек, тек ірі компаниялар ғана қала қа­зынасынан субсидияланып, шағын автобус компаниялары биліктің назарынан тыс қалып жататыны да олардың ашу-ызасын келтіреді. Айта кетейік, бүгінде үшінші мегаполисте 24 көлік компаниясы қызмет көрсететін 76 маршрут бар. Бұл ретте маршруттардың 60 про­центтен астамы Т-Bus ЖШС және «Шымкент Bus» ЖШС-не тиесілі.  

Назгүл НАЗАРБЕК, Шымкент қаласы