Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы қаралды.
Депутаттар отбасында зорлық-зомбылыққа ұшырағандарды қорғауды күшейту керек деп есептейді. Олар тұрмыста зорлық-зомбылық көрсеткендерді жәбірленушімен және балалармен сөйлесу, кездесу және оларды ізіне түсіп аңдуға 30 күнге тыйым салынады.Депутаттар отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында айыпты адамды баспанасынан шеттетіп, жәбірленуші және балаларымен 30 күн бойы кездестірмеуді тәжірибе ретінде ұсынып отыр.Депутат Ирина Унжакованың айтуынша, заң жобасына сәйкес, тұрмыстық зорлық-зомбылық қатері туралы хабарлама, оның ішінде, әлеуметтік желіде жарияланған мәлімет те полицейлердің жанжалды анықтау үшін әрекет етуіне негіз болады. Сол үшін полицейлердің өкілеттігін де кеңейтуді ұсынды.
Соңғы кезде Ішкі істер министрлігінің дерегінше, биыл 8 ай ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылық дерегі негізінде 130 мың арыз түскен.
Нәтижесінде, 2,5 мың қылмыстық іс қозғалған. Бірақ жәбірленушілер арасында арыз-шағымын кері қайтарып алғандары да бар.