Жюль Верн шығармасындағы патша – қазақ ханы!
Жюль Верн шығармасындағы патша – қазақ ханы!
767
оқылды

XIX ғасырдың француз жазушысы Жюль Вернді білмейтін адам жоқ деуге болады.

 Әсіресе, оның шытырманға толы  шығармаларын бәрі біледі. Оның үстіне, ол ғылыми фантастика жанрының негізін қалаушы. Голливудтың талай кинолары мен мультфильмдері соның шығармаларына негізделіп түсірілген. Мысалы, капитан Немо, капитан Грант, капитан Гаттерасты атап айтуға болады.  

Жюль Верннің шығармашылығын танитындар, оның «Михаил Строгов» немесе «Ханның атшабары» атты шытырман оқиғаға толы хикаясын жақсы білуі тиіс. Шығарманың басты кейіпкері – татардың ханы Феофар.

Міне, осы кейіпкер қазақтың соңғы ханы Кенесарының прототипі. Себебі, Жюль Верн осы Феофар арқылы Дала билеушісі Кенесары ханды әңгімелерінде суреттеген екен. Осыны көбі біле бермейді.  

 Өйткені Жюль Верннің жастық шағында көбіне Ресей империясына қарсы көтеріліс жасап, соғысқа шыққан Шыңғыс ханның тұқымы ескі әлемді дүр сілкінтті. Ол кезде Еуропада бүкіл түркі жұртын ғана емес, моңғолды да татар деп атаған екен.

жульверн.jpg
Описание изображения

Жазушы осы тарихты жазуға 25 жылдан кейін қалам тартқан. Негізі шығарма саяси себептерге байланысты Ресей империясында, Кеңес Одағы кезінде қатты танылмады.

Қысқаша мазмұнын айтсақ, атшабар Михаил Строгов қарулы көтерілістің құрсауында жатқан аймақтан өтіп, шұғыл ханның жеделхатын жеткізу керек. Сол аралықта ол тұтқынға түсіп, басынан махаббат хикаясын кешіреді, қуғын-сүргінде болып, соңында бәрі бақытты болады. Оқиға желісі әсірелегені болмаса, шындыққа негізделген. 

«Кенесары қырғыздардан мықты жауынгерлер дайындаған. (Меніңше, қырғыз деген қазақтар) Олардың артықшылығы – қолындағы найза мен айбалтаны шебер ептілікпен пайдалануы. Соның арқасында қарулы қарсыласының басымдығына қарамастан, жеңіліске ұшыраса да аянбай соғысқаны жайында талай танысымнан естідім. Егер қырғызда мықты офицер болғанда, олар әлемнің үздік кавалериясын құрар еді» деп жазған Ұлыбританияның ғалым-зерттеушісі Т.В.Аткинсон.

https://youtu.be/KSASzhjItDg

 Бұл хикаяны алғаш 1908 жылы америкалықтар таспаласа, 20-ж, 30-ж, 50-ж, 90-ж  Франция, Бразилия, Ұлыбритания, Германия елдері өзінше көрсетуге тырысты. Тіпті осы бойынша Жюль Верннің ұлы да фильм түсірген екен.