Өскеменде тойға келген қонақтар полиция келіп қалғанда терезелерден секіріп қашты

Өскеменде тойға келген қонақтар полиция келіп қалғанда терезелерден секіріп қашты

Өскеменде тойға келген қонақтар полиция келіп қалғанда терезелерден секіріп қашқан, деп хабарлайды "Еуразия" бірінші арнасы.  Қаладағы мейрамханалардың бірін тексеруге келген санитарлық дәрігерлер мен полицейлер ғимарат ішіне кіре алмай алты сағат бойы сыртта тұрған. Бір сәтте келушілердің бірінің денсаулығы нашарлап, оған жедел-жәрдем шақыртқан кезде ғана есік ашылған. Осыдан кейін мейрамханадан шамамен 30 адам шығып кеткен. Ал, іште даяршылар дастарханды жинап, жарықты сөндіріп үлгеріпті. Дегенмен, терезеден секіріп, қашып бара жатқан қонақтар тесерушілердің назарына іліккен.

"Бүгінгі таңда полиция департаменті аталған факт бойынша барлық материалдарды жинап, тиісті органға тапсырды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабының 1-бөлігіне сәйкес мейрамхана иесіне 638 940 теңге, сондай-ақ, той ұйымдастырғандарға 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады, - дейді ШҚО Департаменті инфекциялық емес ауруларды бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы Гүлнәр Қалибасова.
https://www.youtube.com/watch?time_continue=53&v=P8g_UwsBFhE&feature=emb_logo