"Қазгидромет" РМК 23-25 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады. Аптаның ортасынан бастап еліміздің солтүстігі мен шығысына атлантикалық циклон әсер етуді жалғастырады, онымен жауын-шашынды және желдің күшеюімен күзгі салқын ауа райы сақталады. Аптаның соңына қарай ел аумағының басым бөлігінің ауа райын Батыс антициклоны анықтайды, онымен жауын-шашынның біртіндеп тоқтауы күтіледі, елдің оңтүстік-шығысында кей жерлерде үсік жүреді. Тек еліміздің батысында құрғақ және жылы ауа райы сақталады.
"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, 24 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының түнде басым бөлігінде жауын-шашын жауады. 24-25 қыркүйекте түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.24 қыркүйекте солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с. 25 қыркүйекте желдің күші кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с .
Петропавл қаласында 24 қыркүйекте жауын-шашын жауады, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с. 25 қыркүйекте желдің екпіні 15-20 м/с.Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу үшін шаралар қабылдауға кеңес береді.