Коронавирустың кесірінен демалысқа шықпаған әйел байып кетті
Коронавирустың кесірінен демалысқа шықпаған әйел байып кетті
Оңтүстік Аустралия штатындағы Аделаида қаласының маңында тұратын тұрғын коронавирустың кесірінен демалысқа шықпай жатқанда лотереяның джекпотын ұтып алды. Бұл туралы 9 News телеарнасының сайты хабарлады. Аустралиялық тұрғын 21 қыркүйекте лотерея ойнап отырып, миллион аустралиялық доллар (54,4 миллион рубль) ұтып алды.
«Біз Еуропаға саяхатқа барамыз деп жоспарлаған болатынбыз. Алайда коронавирус пандемиясының кесірінен ешқайда шықпайтын болдық. Егер біз қазір Еуропада болсақ, мен осылай байып кетпес едім», — деді ол.