Қазақстандықтар 11 елге бара алады

Қазақстандықтар 11 елге бара алады

Қазақстандықтар 11 елге бара алады, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Біздің кестеде сіз шет мемлекеттер қандай талаптар қоятынын біле аласыз. Мысалы, ПТР-тест тапсыру қажет пе, қандай да бір елге келген соң карантинге жатқыза ма, адамда қандай құжат болуы қажет, виза қажет пе, жоқ па, сондай-ақ басқа да талаптар көрсетілген. Бұл ақпарат жаңартылып отырады, сондықтан сапарларыңызды жоспарлау кезінде шет мемлекеттердің талаптарын мұқият зерделеуді сұраймыз, -  делінген хабарламада.
Айта кетейік, қазақстандықтар ұшып бара алатын 11 мемлекеттің қатарында Беларусь, Біріккен Араб Әмірліктері, Германия, Мысыр, Нидерланд Корольдігі, Корея Республикасы, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Украина және Ресей бар. Ведомство жасаған кестемен мына сілтеме арқылы толық танысуға болады.