ШҚО-да кезекші сыныпта оқитын мектеп оқушысы коронавирус жұқтырған

ШҚО-да кезекші сыныпта оқитын мектеп оқушысы коронавирус жұқтырған

Шығыс Қазақстан облысындағы ауылдық мектептердің бірінде оқушы коронавирус жұқтырды.  Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты.  Оның айтуынша, екінші сынып оқушысы індет жұқтырған. "14 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Парыгина ауылында кезекші сыныпта оқитын оқушының вирус жұқтырғаны белгілі болды. Бұл бірінші жағдай.  Баланың анасы мұғалім. Оқушының дене температурасы бірінші күні 37 градус болған, вирустың басқа да белгілері болған. Коронавирусқа тапсырылған тест оң нәтиже көрсетті", - деді Қожахметов. Қазір бала үйінде емделіп жатыр, жағдайы қанағаттанарлық.