Трамп алақанын Финляндия президентінің тізесіне қойды. Оның бұл әрекеті әріптесіне ұнамады
Трамп алақанын Финляндия президентінің тізесіне қойды. Оның бұл әрекеті әріптесіне ұнамады
94
оқылды

Желі қолданушылары Америка Құрама Штаттары мен Финляндия президенттерінің кездесуі кезінде болған қызықты оқиғаға назар аударды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Дональд Трамп пен Саули Ниинисте арасындағы кездесу 2 қазанда Ақ үйде өтті. Журналистің репликасына жауап бере отырып, Трамп: «Финляндия әлемдегі ең бақытты ел», деп Ниинисттің тізесіне алақанын қойған. АҚШ басшысының бұл әрекетіне Финляндия басшысы ұнатпаған кейіп танытып, қолымен жасқап тоқтатты.

 

https://youtu.be/uuQPxSzEQGw

Айта кетейік, бұл Трамптың хаттаманы алғаш рет бұзып отырған жоқ. Мәселен, 2018 жылдың сәуірінде америкалық көшбасшы Эммануэль Макронның иығындағы қайызғақты қаққандай қылып ишарат жасаған болатын.

https://youtu.be/Lc2DwhSzxp8

Бұдан бөлек, Дональд Трамп Ұлыбританияға сапарында патшайымы Елизавета II-нің арқасына алақанын тигізіп, хаттаманы бұзған.