Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кеңесшісі, Реформалар жөніндегі жоғары кеңес төрағасының орынбасары сэр Сума Чакрабартимен кеңес өткізді.
"Бейне байланыс форматында өткен жиында кеңесші, Реформалар жөніндегі жоғары кеңес төрағасының орынбасары сэр Сума Чакрабартимен Қазақстанның экономикалық дамуын ілгерілету, елімізге инвестиция тарту және Кеңестің қазанда өтетін бірінші отырысына дайындық мәселелерін талқылады", - деп жазды Президент Twitter-дегі парақшасында.