Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқанд қаласында еліміздің Бас консулдығын ашу туралы Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
"Самарқанд қаласында (Өзбекстан Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығы ашылсын", - делінген Жарлықта.
Президент Үкіметке осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдауды тапстырды.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.