Вице-пре­мьер­ – Nur Otan алаңында
Вице-пре­мьер­ – Nur Otan алаңында
5,169
оқылды

Nur Otan партиясының Рес­публикалық қоғамдық қа­был­дау кеңсесіне Премьер-ми­нис­трдің бірінші орын­ба­сары – Қаржы министрі Әли­хан Смай­лов келді. Вице-пре­мьер­дің қабылдауына кел­ген­дер­дің басым бөлігі отандық биз­­неске қолдау көрсетуді сұ­ра­­ды.

Мәселен, Шымкент қаласынан бейнебайланыс арқылы шағымын жеткізген Shymkent Temir ЖШС-ның басшысы Бегім Құдабаев Қа­зақ­станнан қара және түсті металл сынықтарын шығаруға тыйым салуды енгізуді сұрады.

– Шымкентте металл сы­нық­­тарын өңдейтін 6 зауыт бар. Металлолом жетпейді. Кө­бі Өз­бек­станға, Ресейге тасы­мал­да­нып жатыр. Облыс басшылығы жұмыс орнын қысқартпаңдар, жалақы азай­тылмасын дегеннен кейін зауы­тымызды әзер ұстап отырмыз. Бұ­лай жалғаса берсе, жұмыс орын­дарын қысқартуға мәжбүр бо­ла­мыз, – дейді Б.Құдабаев.

Бұл мәселеге қатысты түсінік­те­ме жасаған Индустриялық да­му және өнеркәсіптік қауіп­сіз­дік комитеті төрағасының орын­­­басары Бақытжан Сәпиев 2014-2017 жылдары темір сы­нық­тарын сыртқа шығаруға тыйым са­лынғанымен, қазір ол алынып тас­талғанын жеткізді.

– Қазақстанда жыл сайын 3-4 млн тонна темір сынықтары жи­­на­лады. Ал еліміздегі метал­лур­гия ме­кемелерінің өндіріске ала­тыны 1,8 млн тонна ғана. Яғни, темір сы­нықтары жеткі­лік­ті. Мәселе олар­дың шет ел­дер­ге ешқандай бақылаусыз ке­тіп жатқандығында. Әзірге бұл нарық реттелмеген. Те­мірді кім болса сол жинайды. Тіпті құ­дық қақпақтарына дейін жи­нап, ол тұрғындардың өміріне қауіп төндіретін жағдайлар бар. Сондықтан қазіргі таңда те­мір сынықтарын жинайтын ком­па­нияларды лицензиялау мә­селесін қойып отырмыз, – деді ко­митет өкілі.

Бақытжан Сәпиевтің айтуын­ша, темір сынықтарының экс­пор­тына тыйым салу 2 айдан жар­ты жылға дейінгі мерзімге ға­на енгізіледі. Сондықтан бұл тә­сіл мәселені шешпейді. Оны ме­талл сынықтарын жинаушы ме­­кемелердің өздері де растап отыр. Ал лицензиялау қайта ен­­­гізілсе, Қазақстан бойынша ме­талл жинаушы мекемелер са­ны 30-дан 50-ге дейін ғана бо­­­лады. Өз кезегінде Премьер-ми­нистр­­дің бірінші орынбасары ли­цензиялауды енгізсек, бұл на­рық реттелетінін әрі металл сы­нықтарын шетелге шығару да айтарлықтай қысқаратынын айтты.

Бұдан соң вице-премьердің қа­былдауына Hill Corparation ЖШС-ның өкілі Жанту Мамашев келді. Мотор майлары мен жанар-жағармай материалдарының кең спектрін шығаратын зауыт өкілі өз өнімдерінің экспортына алаң­даулы. Себебі жақында ғана елі­міздің Энергетика министрлігі жа­нар-жағармайдың көлеңкелі ай­налымын қадағалау мақсатында мұнай өнімдерінің экспортына тыйым салатын бұйрықты бе­кіт­кен. Осыған байланысты Ж.Ма­­машев аталған бұйрықтың маз­мұны­на өзгеріс енгізіп, елден шы­ғаруға тыйым салынған мұ­най өнімдерінің тізімінен Hill Corparation ЖШС өндіретін май­лау материалдарын алып тастауға ық­пал етуді сұрады.

Қаржы министрі Әлихан Смай­лов аталған бұйрықты тоқ­та­туға болмайтынын, себебі ол ішкі нарыққа үлкен шығын алып ке­летінін айтты. Ол сонымен қа­тар экспортқа тыйым салмасақ, елімізде мұнай өнімдерінің тап­шы­лығы туындап, ол жанармай ба­ғасының шарықтауына әкеп соқтыратынын, ал бұдан тұрғын­дар зардап шегетінін жеткізді.

Nur Otan партиясының алаңын­да өткен қабылдауға бұ­дан өзге тағы екі азамат келді. Олар­дың бірі – квазимемлекеттік сек­тор үшін мемлекеттік сатып алу­лар жүргізетін онлайн сервис ұсы­нып отырған Mit work ЖШС-ның директоры Самат Қаскенов. Ол Қаржы министрлігінің бұй­ры­ғымен квазимемлекеттік сек­тор­дың онлайн сатып алулар бойын­ша операторы болып «Электрон­дық қаржы орталығы» АҚ-ның бекі­тілуіне қарсылығын білдірді.

Ал қабылдауға келген Шы­ны­құл Өзбеков әскери тапсырма орын­дау барысында қаза тапқан туы­­сының әйелі мен балалары бас­­панасыз жүргенін, ол аз­дай Қор­ғаныс министрлігі мате­риал­­дық көмек ретінде 2016 жылдан бе­рі пәтерді жалға алу үшін тө­ле­­ген ақшасын бүгінгі таңда қай­та­руды талап етіп отырғанын ай­­тып шағымданды. Осы арыз­­ға байланысты Қор­ғаныс ми­нистрлігінің өкілдері «Әс­ке­ри қызмет және әскери қыз­­­мет­шілердің мәртебесі тура­лы» заңға өзгерістер енгізу қарас­тыры­лып жатқанын жеткізді.

Жалпы, Nur Otan партиясының Республикалық қоғамдық қабыл­дау кеңсесіне өткен қабылдауда көтерілген мәселенің барлығы вице-премьердің және партияның бақылауында болады.


Клара НАҚЫП