Партияға деген сенім жоғары
Партияға деген сенім жоғары
204
оқылды

Nur Otan нақты нәтиженің, ілкімді істің, халықтың партиясы атанғанын білеміз. Көшбасшы партия соңғы кездері өзінің жұмыс істеу мазмұнын да өзгертіп, халыққа бұрынғыдан да жақындау үстінде. Біз облыстан бөлініп шыққанына бір жылдан асқан, миллион тұрғыны бар мегаполистегі Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалында атқарылып жатқан жұмыстар жайында білу үшін филиал төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетовті әңгімеге тартқанбыз.

– Менің осы қызметке тағайын­дал­ға­ны­ма тура бір жыл болыпты. Жалпы, Nur Otan – халықтық партия. Осы күнге дейін жет­кен жетістіктеріміз біздің партияның дұ­рыс бағдар алып, оған халықтың жұмыл­ға­нының арқасында деп білемін. Соның ішін­де ең маңыздысы бейбіт өмірді қа­лып­тастырып, бейбіт эволюциялық жол­­мен дамып жатқанымыздың өзі біз­­дің партияның халыққа шын мәнінде көш­­басшы бола білуінің арқасы дер едім. Партия төрағасы, Елбасымыз Н.Назарбаевтың о бастан-ақ ұстанымы – бейбітшілік. Елде бейбітшілік, тыныш­тық болса, экономикалық та, саяси да реформалар өз кезегімен біртіндеп жүре береді. Алдымен экономика, одан соң саясат деген бағытты біз дұрыс ұстан­дық. Саяси жаңғыруға бас­ты назар аударып экономиканың, ха­­­лықтың әл-ауқатының төмендеуіне жол бермедік. Оған дәлел, Қазақстанда жү­зеге асырылған реформалардың көп­ші­лігі көрші елдерде бізден әлдеқайда арт­та келеді. Көбінде олар біздің тәжі­ри­бені пайдаланған. Басқа елдерде қан­дай да бір қиындықтар, әлемдегі эко­номикалық дағдарыстарды халқымыз көш­басшы партияның жетекшілігімен, ұсы­ныстарының арқасында оншалықты се­зінбей келеді. Керісінше, арнайы жол картасы әзірленіп, жаңа жұмыс орын­да­рын ашу, елдегі инфрақұрылымды дамыту, яғ­ни жол салып, ескі клубтарды жөндеу жұ­мыс­тарын қолға алып, оған жұмыс кү­шін тарту арқылы ұтымды жол картасы жү­зеге асып жатты.

– Көшбасшы партияның үнемі халық қызметінде жүретінін, халық пен билік арасында «алтын көпір» ролін атқаратынын білеміз. Соңғы кездері әділдік таппай жүрген жандардың жүгінетін органына да айналып бара жатқандайсыздар...

– Дұрыс айтасыз, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диа­лог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өр­кен­деуінің негізі» атты халыққа арнаған Жолдауында елімізді реформалаудағы жаңа кезеңіне даму жолында үлкен бағыт-бағдар берді. Бұл маңызды құжатта бұрынғы жолдаулардың жалғасы іспеттес әлеуметтік саланы ары қарай дамыту, халықтың әл-ауқатын жақсарту негізгі мәселе болып отыр. Бұл жерде Nur Otan пар­тиясына да үлкен жауапкершілік жүк­телген. Біз халықпен етене араласып, жал­пы Қазақстанның дамуына халықпен бірге әрекет жасауымыз керек. Қоғамдық ұйым болғандықтан, тұрғындардың ой-пікірлерін, өтініш-мұқтаждарын дер кезінде анықтап, билікке жеткізіп отыруы­мыз қажет.

Осы тұста халықтың партияға деген се­ні­мінің жоғары екенін біздегі қоғамдық қабылдауға келетін адамдардың санымен айтуға болады. Мәселен, 2018 жылы 919 адам өтініш білдірген болса, биылғы 9 ай­да 4 004 адам келіп отыр. Яғни, қо­ғамдық қабылдаудың ашықтығын біл­діреді. Сондай-ақ соңғы жылдары қа­былдаудың форматын да өзгертуіміз сеп­тігін тигізсе керек. Партия басшылығы үнемі айтып жүргені қабылдауға келген халыққа мәліметті шынайы жеткізу және келген азаматтардың мәселесін мүмкіндігінше сол жерде шешу. Ал шешімі уақыт талап ететін мәселелердің нақты мерзімін көрсету. Қоғамдық қабылдауға жа­зылушылардың басым бөлігі жұмыспен қамту мәселесімен, одан кейін тұрғын үйге мұқтаждар мен балаларына ыстық та­мақ, мектепке киім алуына көмек сұрап келеді. Бүгінде аталған арыз-шағымның 1 780-і оң шешім тапты. Біз кез келген өтініштің артында адам тағ­дыры тұрғанын ұмытпаймыз. Сол үшін қолдан келер көмекті аянбай келген әр­бір азаматты жылы қабылдап, олардың жағ­дайын біліп, жанайқайын тыңдау аза­маттық міндетіміз екенін білеміз. Біз­де өзге өңірде жоқ бір ерекшелік – бірінші қабатта меморандум түзу арқылы құқықтық көмек беру орталығы ашылған. Онда негізінен прокурорлар, адвокаттар алқасының мүшелері мен әкімдік өкілдіктері де бар. Демек, осында көмек сұрап келген азаматтардың кез келген сұрағына дер кезінде мамандармен бірлесе отырып жауап беруге мүмкіндік қарастырылған. Одан бөлек, «Әділет групп» деген компания бар. Олармен де меморандумға отырдық. Заң шеңберінде адвокаттық кеңес керек болғанымен оған қаржысы жетпей жүрген әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарды біздің жол­дамамен соларға жібереміз. Яғни, олар бізден барған азаматтарға тегін кө­мек көресетеді. Сондай-ақ Шымкент қа­ла­сындағы жекеменшік «Жас-ай» ме­дициналық орталықпен меморандумға отыр­ғанбыз. Олар да ай сайын 1 адамға тегін медициналық көмек көрсетіп отыр. Қа­зіргі таңда тағы да осындай көмек түр­лерін көбейту аясында келісімдер жүргізіп жа­тырмыз.

– Партия өз қызметін жаңғырту аясында бірқатар жобаны жүзеге асырып келеді. Атал­ған жобалар өңірімізде қаншалықты жеміс берді?

– Партиялық жобалардың тұрғын­дар­дың әлеуметтік жағдайын жақсартуға үле­сі мол болып тұр. Мәселен, «Бақыт­ты отбасы» жобасы аясында Nur Otan пар­тиясы Шымкент қалалық фи­лиа­лын­да, аудан әкімдіктерінде, тиісті бас­­­қармаларда «Ашық есік» күндері ұйым­дастырылып, азаматтардың жеке мә­селелері мен ұсыныстары бойынша әр са­ла мамандары түсіндіру жұмыстарын жүр­гізді. Соңғы уақытта азаматтардан BIRGE акциясы аясында 27 мыңнан астам тұлғадан өтініштер мен арыздар келіп түсті. Барлығы әлеуметтік салаға қатысты екенін жеткізгім келеді. «Мектепке жол» акциясы аясында аз қамтылған отбасынан шық­қан 60-қа жуық балаға депутаттар тара­пынан сөмкелер таратылып, 25 мың тең­геден қаржылай көмек берілді. Бүгінде қо­ғамда биліктен қайта-қайта көмек сұ­рап, айқай салып, өзіне қол жұмсауға ұм­тыл­ған көпбалалы аналар туралы пікір­лер біржақты емес. Маңдай термен тапқан табыстың берекесі болады.

«Бақытты отбасы» партиялық жобасы ая­сында, мемлекеттік бағдарламаларды қайы­рымдылық акциясымен ұштастырып, әр­бір ананы мамандыққа үйретіп, 505 000 тең­ге қайтарымсыз қаржы беріп, қолына үй­ренген мамандықтың құралын тегін та­быстадық.

Ал «Кедергісіз келешек» жобасы ая­сын­да мектепке дейінгі ұйымдарда мүм­кін­дігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағ­дай жасалу барысына және мемлекеттік мекемелерде пандустардың талапқа сай келуіне мониторинг жұмыстары жүр­гізілді. Маусым айында мүмкіндігі шек­теулі азаматтарға қолайлы, жаңа 160 авто­бус алынып, қаладағы негізгі бағыттар бойын­ша жұмыс істеуде. Жоба бойынша фрак­ция мүшелері 50 мүмкіндігі шектеулі аза­маттың отбасын азық-түлікпен қам­та­масыз етті. Елбасы өз Жолдауында бейім­деу орталықтарын құруды нақты атап өтті. Жанымыздағы «Айдана плаза» қонақүйінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар белсенділерін, кәсіпкерлерді, үкіметтік емес ұйымдарының басын қосып, 2 мәрте жиын өткіздік. Онда мүмкіндігі шектеулі жандардың мұқтаждықтары әңгіме болып, кейбір мәселелері шешімін тапты. Ал заңнамалық тұрғыдан шешілуі тиіс кей­бір мәселелерді өзіміздің партиялық фрак­циямызда қарап, тиімді шешімді, қажетті құжаттарды қабылдайтын боламыз.

«Ардагерлерді ардақтайық» партия­лық жобасы аясында фракция мүшелері ҰОС және тыл ардагерлерінің 12 отбасын ар­найы киім-кешектермен қамта­ма­сыз етті. Қарттар күні мерекесіне орай, соғыс жә­не еңбек ардагерлері, тыл еңбеккерлері, ка­риялар мен қарт аналарымызға үйлері­не баруды ұйым­дас­тыру, пәтер мен аула маңындағы аумақ­тар­ды тазалау, меди­ци­на­лық тексеру жә­не үйде дәрігерлік кеңес беру сынды ша­раларды жүзеге асыруда.

Сондай-ақ бес әлеуметтік бастаманы іс­ке асыруды бақылау бойынша Шымкент қа­лалық партия филиалында қоғамдық кеңес құрылғанын да атап өткім келеді.

 

Сұхбаттасқан
Назгүл НАЗАРБЕК,
Шымкент қаласы