«Сабалақ» саяжайында тұратын жалғызбасты анаға баспана алып берді
«Сабалақ» саяжайында тұратын жалғызбасты анаға баспана алып берді
Фото: Интернеттен алынды
130
оқылды

Қызылорда қаласы әкімдігі мен «Хикмет» қайырымдылық қоры бірлесіп, саяжайда тұрантын анаға баспана сыйлады.

Қызылорда қаласында тұратын Майра Мұхамедиярова бұдан бұрын баспана азабын тартып келген. Бұған дейін қала шетіндегі «Сабалақ» саяжайында шағын үйде балаларымен тұрған. Қыста сыз өтетін ескі үйдің жыртығын жамап, амалсыз күн кешкен. Анасының қатерлі дертке шалдыққан. Аурушаң анасына қарап, жұмыс та істей алмаған. Қызылорда қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Индира Ақжігітованың айтуынша, сауда орны басшысымен келісіп, жұмысқа тұрды. Жұмысы қазіргі үйіне жақын орналасқан.