Таразда күзде сирень гүлдеді
Таразда күзде сирень гүлдеді
Фото: Дереккөзден алынды
343
оқылды

Таразда ауа райы +24 +26 градусқа дейін жылынып, ағаштар бүр жарып, гүлдер қайта гүлдей бастаған, – деп жазады «Қазақпарат».

Күзде гүлдеген сирень биологтар мен экологтарды таңғалдырып отыр. Биолог Амалбек Тұрсыновтың айтуынша, көпжылдық өсімдіктің бір жылда екі мәрте гүлдеуі – сирек кездессе де, қауіпті құбылыс.

«Жаймашуақ жылы ауа райында өсімдіктер алдағы көктемде емес күзде гүлдеп жатыр. Яғни, өсімдіктер келешекке арналған потенциалын қазір пайдалануға мәжбүр. Мұның себебі, биологиялық сағаттардың ауа райының әсерінен ауысып кетуі. Мысалы, жеміс ағашы өзінің болашаққа сақталған әл-ауқатын осылай күзде қолданатын болса, онда ол көктемде жемісті аз салуы мүмкін. Демек, бұл – өсімдік үшін қауіпті құбылыс. Барлық нәрсе табиғаттың заңы бойынша өз уақытында болғаны жөн», – дейді маман.

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, алдағы күндері Жамбыл облысы аумағында ауа райы жылы болады.