Ақынның 175 жылдық меретойына орай шаһардың қақ ортасында саябаққа Абай есімі беріліп, мүсіні бейнеленген ескерткіш тақта орнатылды, – деп жазады 24.kz.
Саябақтың Анталияның Мұратпаша ауданында ашылды. Салтанатты шараға Қазақстанның Түркиядағы елшілігі, Анталия консулдығы, Қазақстан және Еуразия халықтарының достық пен мәдениет қауымдастығының өкілдері, жергілікті тұрғындар қатысты.Қазақстанның Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлы: «Түркі әлемінің ұлы перзенті Абай – қазақ халқының темірқазығы. Сондықтан Ұлы ақын мұрасының бауырлас елде ерекше дәріптеліп жатқаны – біз үшін үлкен қуаныш. Себебі, қазір айтып жүрген интеллектуалды ұлт қалыптастыру идеясы Абайдан бастау алды деуге болады. Сондай-ақ Абайдың шығармаларындағы идеясын қазіргі заманымыздың жол картасы десек артық айтқандық емес», – деді.
Ал жиында Мұратпаша ауданының мэрі Үмит Уйсал: «Ел мен елді, халық пен халықты Абай секілді ғұламалардың пікірлері жақындастарды. Сондықтан екі бауырлас жұрт ретінде саябаққа Абай Құнанбайұлының есімін беру – қазақ және түрік халықтарының рухани әрі мәдени жақындығын көрсететін маңызды іс-шара. Туыстас ұрпақтары ретінде оған құрмет көрсету – біздің борышымыз», – деп Абай мұрасы түркі әлеміне ортақ екенін айтты.