ҚПО делегациясы Татарстанға барып қайтты
ҚПО делегациясы Татарстанға барып қайтты
5,160
оқылды

Бас директор Эдвин Блом­ бастаған «Қарашыға­нақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» (ҚПО) компа­ния­сының делегациясы осы апта­да Татарстан астана­сы Қазан қаласына барып қайтты.

Сапар Татарстанның мұнай-газ өнеркәсібі үшін құрал-жаб­дық өндірісіндегі импортты ал­мас­тыруды дамыту тәжіри­бе­сі­мен танысу мақсатында өзара ықпалдасу мен әріптестікті дамы­ту аясында Батыс Қазақ­стан облысының әкімдігі және PSA ЖШС уәкілетті органымен бірлікте ұйымдастырылды.

Ресми сапар кезінде Татарс­тан­ның Өнеркәсіп және сауда министрлігі мен Инвестициялық даму агенттігінің жоғары лауа­зым­­ды өкілдерінің қатысуы­мен кеңейтілген кездесу өтті.  

Бұдан басқа, «Татнефть» КАҚ, «ТАНЕКО» АҚ және «Татнефтехиминвестхолдинг» ААҚ және басқа да ірі кәсіп­орын­дар өкілдерімен бірқатар кездесу өткізілді.

ҚПО бас директоры Эдвин Блом кездесу қатысушыларына арнап сөйлеген сөзінде ҚПО қызметі, Қазақстан мұнай-газ өнеркәсібіндегі компания рөлі, Қарашығанақ кен орнының болашақта кеңейту жобалары, жер­гілікті қамтуды дамыту және бас­қа да компанияның бағдарла­ма­­лары мен жобалары туралы айтып өтті.

Эдвин Блом сондай-ақ ҚПО қа­зақстандық тауар жеткізу­ші­лер, қызмет көрсетушілерді да­мы­туға белсенді түрде жағдай жасап, өзара бірігу мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, шетел­дік және жергілікті тауар өндіру­шілердің ықпалдасуына септігін тигізетін бірқатар жобаларды, сонымен қатар Қазақстанның индустриалдық секторына озық технологияларды беруді іске асырып жатқанын атап өтті.

Сапар аясында, ҚПО делега­циясы тәжірибе алмасу үшін экономикалық аймақ пен мұ­най-газ өнеркәсібіне арналған құрал-жабдық шығаратын кә­сіп­­орындардың өндірістік-тех­ни­­калық әлеуетін дамыту тәжі­рибесімен танысу мақса­тын­­да «Алабуга» айрықша экономика­лық аймағында орналасқан Татарс­тан Республикасының кейбір ірі кәсіпорындары мен зауыттарын аралап шықты.

Эдвин Блом делегация аты­нан Татарстанның Өнеркәсіп және сауда министрлігі мен Ин­вес­тициялық даму агентті­гі­нің бас­­шылығына жылы қарсы ал­ға­­ны үшін алғыс айтып, жер­гі­лікті, жалпы, республика бойын­ша өн­­­ді­рушілерді дамытуда ары қа­рай да табысты болуына тілек біл­­дірді.

 

Серік ӘЛІМЖАН