Сенатор Ресейдің шенеуніктері Қазақстанның кәсіпкерлеріне тұсау салып отырғанын айтты  
Сенатор Ресейдің шенеуніктері Қазақстанның кәсіпкерлеріне тұсау салып отырғанын айтты  
Фото: Интернеттен алынды
321
оқылды

Сенатордың айтуынша, Қазақстан тауарларын Ресейдің федералдық шенеуніктерінің қазақстандық кәсіпкерлерді шектеуі азаймай тұр.

«Бұл – біздің Елбасының бастамасымен құрылған өте қажет экономикалық, тауарларды сыртқа шығаруға мүмкіндік беретін, интеграцияны күшейтетін одақ. Сөйте тұра бұл одақтың проблемасы азаймай отыр. Дәл осы залда Сенат төрағасы болып отырған кезде Қасым-Жомарт Кемелұлы Сыртқы істер министрлігіне бірнеше ескерту жасаған еді. Атап айтар болсақ, оның ішінде мынау одақтағы түрлі хаттамаларға жиі-жиі өзгерістер енгізіле береді. Қажетті болса да, болмаса да... Түсірілген өзгерістер екі елдің Парламентінің қос палатасы қарап, оларға біз үнемі толықтырулар енгізіп отырамыз. Сөйте тұра Қазақстанның көрші елдерге шығарылатын тауарларын сол елдегі федералдық шенеунік дәрежесіндегі адам тоқтатып тастайды», – деді сенатор Сенат отырысында.

Мұхтар Құл-Мұхаммедтің айтуынша, екі мемлекеттің басшысы қол қойып, екі елдің Парламенті қарайтын болса, оны бір федералдық шенеунік тоқтатып тастаса, мұндай заңның қандай «құзыреті» бар?.. Сенатордың сұрағына жауап берген Сыртқы істер министрінің орынбасары Марат Сыздықов бұл мәселеге Сауда және интеграция министрлігі жауапты екенін айтты.

«Олар – еуразиялық интеграцияны жүргізетін жетекші орган. Біз ЕАЭО-ның жұмысының саясиланып кетпеуіне жауаптымыз. Интеграция және экономикалық одақ мәселесі – тірі процесс. Кейбір мәселелерді алдын ала білу мүмкін емес. Жұмыс және келіссөз барысында қашан да жаңа жағдайлар пайда болып, заңға қандай да бір өзгерістерді енгізуді талап етіп жатады», – деді Марат Сыздықов.