Қазақстанда өлім жазасы қайта енгізіле ме?
Қазақстанда өлім жазасы қайта енгізіле ме?
Фото: СІМ баспасөз қызметі

Өлім жазасын жою туралы халықаралық Хаттамаға қосылу туралы шешімді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-ші мерейтойлық сессиясында сөйлеген сөзінде айтты.

Министрліктің хабарламасында: «2019 жылдың желтоқсанында Қазақстан Президенті елдегі саяси реформаларды жүзеге асыру аясында Сыртқы істер министрлігіне азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің екінші Факультативтік хаттамасына қосылу рәсімін бастауды тапсырды», – делінген.

Бұл халықаралық құжатқа қол қою – өлім жазасын ізгілендіру жалғасы. Айта кетейік, Қазақстан өлім жазасы 2003 жылдан бері қолданылмайды. Жеті жыл бұрын Президент Жарлығымен тоқтатылды.