Жер қатынасындағы жемқорлық
Жер қатынасындағы жемқорлық
151
оқылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ал­ма­ты облысы бойынша депар­таментінің басшысы Данияр Тұрғанбаевтың айтуын­ша, Жетісу өңіріндегі жемқорлық – алаңдатарлық жағдайда. Әсіресе, қызмет бабын өзіне жүктелген мем­ле­кеттік міндетті мінсіз атқа­рып, халыққа сапалы қызмет көрсетуге емес, қалтасын қампайтып, құлқы­нын толты­руға пайдалану тым етек жайып кеткен.


– Өздеріңіз жақсы білетіндей, биыл Президент Жарлығымен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі екіге бөлінді. Осыған байланысты біздің қыз­мет­­ке талап барынша күшей­тілді. Басты назарымызды қоғам­дағы адал­дық пен сенімділікті нығай­ту­ға, парасаттылықты қалып­тас­ты­руға аудара отырып, мемлекет мүд­десіне зиян келтіріп қана қой­­май, халықтың сеніміне сел­кеу түсіретін сыбайластық сипа­тын­дағы құқықбұзушы­лықтарға бітіспес майдан аштық. Биылғы тоғыз айда бұл бағытта үлкен істер жүзеге асырылды. Жыл басынан қазан айына дейін облыс аума­ғын­­да сыбайлас жем­қор­­лыққа қатысты 112 заң бұзу­шы­­лық тір­кел­ді. Оның басым бөлігі, нақ­ты­рақ айтқанда, 85 пайызы – пара­қорлық. Қазіргі кезге дейін құлқынқұмарлар келтірген 24,5 млн теңге зиянның 23,9 млн тең­гесі мемлекет пайда­сы­на өнді­ріл­ді, – дейді департа­мент басшысы.

Өңірде сыбайлас жемқорлық­ты жасағаны үшін 51 адам қылмыстық жазаға тартылса, олардың 9-ы бірінші басшы екен. Қалғаны да қарапайым жандар емесі анық. Астында креслосы, қолтығына қысқан папкасы бар лауазымды тұлғалар екені сөзсіз. Барлығы алдына келген адамның заңды өтінішін шешудің орнына, бармақ басты, көз қыстыға салғы­сы келетіндер. Жетісу жеріндегі жем­қорлар жайлаған қызмет сала­сы негізінен құрылыс, жер құжаттарын реттеу мен өрт қауіп­сіз­дігі және шекарадағы кедендік бақылау салаларында болып шық­ты. Сонымен бірге мемлекет­тік сатып алуларда да жиі көрініс беретін көрінеді. Ал аймақтағы жер қатынастары саласы сыбай­лас­тық жөнінен басқаларды ба­сып «озыпты». Жоға­рыда айтыл­ған жалпы жем­қор­лықтың 26,4 пайызы осы жер қатынасын­да­ғы жемсауы кеңдер­ге тиесілі.

 

Болат АБАҒАН,
Алматы облысы