Коронавирустың екінші толқыны: Жұмыссыздарға берілетін 42 500 теңгенің көлемі өсуі мүмкін
Коронавирустың екінші толқыны: Жұмыссыздарға берілетін 42 500 теңгенің көлемі өсуі мүмкін
135
оқылды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов коронавирустың екінші толқыны болған жағдайда еңбек нарығына болжам жасады.  Оның айтуынша, 2,2 миллион қазақстандыққа материалдық көмек қажет болады.
«Коронавирустың екінші толқыны болған жағдайда шектеу шаралары қолданылса, біздің есептеуімізше  2,2 млн адам көмек мұқтаж болады. Болжам бойынша жұмыс істейтін халықтың жартысы жұмыс режимін сақтай балады, бұл төрт млн адам», — деді Нұрымбетов Мәжілістегі Үкімет сағатында.
Бұл негізінен ауыл шаруашылығы, құрылыс, өнеркәсіп және денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін адамдар деп болжануда.  Сондай-ақ халықтың үштен бірі немесе 2,5 миллион адам қашықтан жұмыс істеуге көшуі мүмкін.
"Қысқартылған жұмысқа көшу кезінде өтемақы не жалақының бір бөлігін ең төменгі бір жалақы деңгейінде субсидиялау енгізілуі мүмкін. Карантин кезеңінде жұмыссыздар үшін жұмысынан айырылған кезеңде төлемді арттыру бойынша ұсыныстар енгізу жоспарда бар", - деді министр.