Белгілі журналист, марқұм Бейсен Құранбектің әкесі Абай Жанысбекұлы Құранбеков қайтыс болды. Бұл туралы белгілі журналист Есболат Айдабосын Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
Марқұмның неден қайтыс болғаны әзірге белгісіз.
«...Абай аға да көшіпті жалғаннан. Нағыз даланың қазағы еді, «Ерке өскен, әлі күнге еркелейді» деп қоятын Бейсекең марқұм. Иманы жолдас болсын, бұ дүниеде көрмеген жақсылығын о дүниеден көрсін! Артында қалған берекесі бала-шағасына дарысын», - деп жазды ол.Еске сала кетейік, биыл мамырда 49 жасында Бейсен Құранбек қайтыс болған болатын.