Спортшы қыздарға құрмет көрсетті
Спортшы қыздарға құрмет көрсетті
233
оқылды

Үндістанның Бангалор қаласында өткен су спорты түрлерінен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпио­на­тында қос жүлдені ен­ші­­леген қазақстандық спорт­шылар елордаға орал­ды. Спортшыларды бір топ жанкүйерлер әуе­­жайдан күтіп алды. Олар­дың ара­сын­да Nur Otan пар­тия­сының Jas Otan жас­тар қана­ты мен БАҚ өкілдері де бар.

Турнирде Қазақстан мен Қытай командалары арасындағы ойын алдында еліміздің әнұраны техникалық ақауға байланысты үзіліп қалған болатын. Ыңғайсыз жағдайға тап болса да, спортшы қыздарымыз жанды дауыста ән­ұранды соңына дейін айтып шықты. Залдағы көрермен қазақ­стан­дық спортшылардың бұл әрекетіне риза болып, оларға қо­ше­мет көрсетті. Сол күнгі ойын­да жерлестеріміз қытайлық қа­р­сы­лас­тарын 11:10 есебімен жеңді.

– Спортшы қыздардың жар­ты жолдан үзілген әнұранды жал­ғап әкетуі бізді тәнті етті. Осы оқиға әлеуметтік желілерде та­рап, көпшіліктің талқысына түсті. Бұл жастардың мемлекеттік рәміздерге көрсеткен құрметі деп қабылдадық. Көпке үлгі болған, жүлдемен оралған спортшыларды әуежайдан күтіп алуға арнайы келдік. Қыздар әлемдік додада ел намысын абыроймен қорғағаны үшін Jas Otan тарапынан алғыс­хат­пен және сый-сияпатпен мара­патталады, – деді Jas Otan жас­тар қанатының төрағасы Дәулет Кәрібек.

Салтанатты шараға Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене тәрбиесі комитетінің төрағасы Серік Сәпиев арнайы келіп, спортшы қыздарға алғыс білдірді. Сондай-ақ кездесу ба­ры­­сында спортшы қыздарға су­рет­ші Аңсаған Мұстафаның қа­зақи нақыштағы футболкалары табыс­талды.

– Мәдениет және спорт ми­нистрлігі атынан сіздерге үлкен алғыс айтамын. Жарайсыздар! Спортта мұндай келеңсіз жағ­­дай­­­лар болып тұрады. Сіз­дер ән­­ұранды соңына дейін ай­тып, дұрыс әрекет жасады­ңыз­­­­дар. Меніңше, мұндай ол­­қы­­лықтары үшін жа­рыс­ты ұйым­­дастырушыларға ескерту жа­­сау қажет. Ал олар келеңсіз жағ­дай үшін кешірім сұрауға мін­детті. Сіздер ел мерейін асқақ­тат­­тыңыздар. Осы қалыптан тан­бай, еңбектене беріңіздер, – деді Олим­пиада чемпионы Серік Сәпиев.

Жарыстан жүлделі оралған қыздар әлемдік турнирлерде ән­ұран­ды қосыла шырқау спорт­шы­ларға үлкен күш беретінін жеткізді.

– Әрбір спортшы, тіпті әрбір қазақстандық әнұранды жатқа білуі тиіс. Біз де жарыстарда ән­­ұран­ды бірге қосылып шыр­қай­мыз. Сол күні де әндетіп тұр­­ғанбыз. Сондықтан оның орта жолда үзіліп қалуы біз­дің еңсемізді түсірген жоқ. Керісін­ше, бәріміз бірге соңына дейін айтып шықтық. Кейінірек, әлеу­­меттік желіде достарымыз, туыс­­тарымыз жаза бастады. Бұл біздің міндетіміз, оған таңғалу­дың да қажеті жоқ, – дейді Су поло­сы бойынша Қазақстан жас­тар құра­ма­сының капитаны Анас­та­сия Калмацкая.

Жалпы есепте Қазақстан құра­­масы Азия чемпионатындағы су добынан ерлер арасында кү­­міс жүлдені жеңіп алды. Ақ­тық ойында жапондық қар­­сы­­ластарынан жеңілген ойын­­­шы­лары­мыз екінші орын­ды қа­на­­ғат тұтты. Ал су до­бы бо­йын­ша қыз­дар құрамасы бірін­­­ші­лік­тің қола жүлдесіне қол жеткіз­ді. Алтынды – Жапония, күмісті   Өзбекстан құрамалары еншіледі.