Үлкен қарын жақындап қалған өлімнің белгісі болып шықты
Үлкен қарын жақындап қалған өлімнің белгісі болып шықты
© сурет интернеттен алынды
Канада мен Иран ғалымдарының халықаралық тобы үлкен қарын қалыпты салмақ кезінде де өлімнің жақындап қалғанын білдіретінін анықтады. Мамандардың зерттеуі British Medical Journal журналында жарияланған. Зерттеушілер 72 ғылыми жұмысты саралады. Онда уақытынан бұрын болатын өлім мен түрлі себептер және сыртқы белгілер арасындағы байланыс зерттелген. Оның ішінде дененің орта тұсындағы семіздік, іш аумағындағы май жиналған жер де есепке алынған. Зерттеуге барлығы 2,5 милион адам қатысқан.  Бел мен санның семіздігі, белдің сан мен бойға есептілігі, семіздік және дене қалпының индексі секілді көрсеткіштер қарастырылды. Ғалымдар еркектер мен әйелдердің  белінің қалыңдығы және белдің бойға байланысы арасында  уақытынан бұрын болатын өлімге апаратын фактор бар екенін анықтады. Зерттеу қорытындысы бойынша іштегі жиналған майды уақытынан бұрын болатын өлімге себеп ретінде қарастыруға болады.