Қазақстандық боксшы IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) қараша айында АҚШ-та рингке қайта шығады. Бұл туралы aikyn.kz бокс саласының инсайдерлері арқылы білді.
The Athletic тілшісі Майк Коппинджердің хабарлауынша Геннадий Головкинмен IBF белбеуіне міндетті үміткер Камиль Шеремета (21-0,5 КО) арасындағы жекпе-жек 21 қарашада өтеді. Өз кезегінде Майк Лэнс Пагмайердің әріптесі бұл жекпе-жек Калифорнияның Карсон қаласындағы Dignity Health Sports Park аренасында өтеді деп хабарлады. Бұған дейін бұл алаңда Головкин кездесу өткізген. Бірақ оның ол кездегі атауы – StubHub Center.