Путин Нобель сыйлығына ұсынылды
Путин Нобель сыйлығына ұсынылды
134
оқылды
Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Нобель сыйлығына ұсынылды, деп хабарлайды РИА Новости.   Ресейлік жазушы Сергей Комков Осло қаласынан 2021 жылы 10 қыркүйекте Нобель сыйлығына Владимир Путиннің кандидатурасын ұсынған. Ресей Федерациясы Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков жазушының бастамасына түсініктеме берді.
«Бұл сыйлыққа әр түрлі адамдардың ұсынылатынын білесіз ғой. Жазушы ұсыныс тастады. Номинанттарды қараудың белгілі бір рәсімі бар. Егер ұсыныс қабылданса - жақсы, қабылданбаса ол да жақсы»,- деді Песков.