Атырау облысында із-түзсіз жоғалған КамАЗ жүргізушісі табылды
Атырау облысында із-түзсіз жоғалған КамАЗ жүргізушісі табылды
© Сурет ғаламтордан
146
оқылды
Атырау облысының Индер ауданында із-түзсіз жоғалған КамАЗ жүргізушісі табылды Жоғалған жүргізушіні іздестіру кеше, 23 қыркүйекте басталған еді. Оған Индер аудандық полиция бөлімі мен Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, сондай-ақ, туыстары жұмылдырылды.
«Бүгін, 24 қыркүйекте жоғалып кеткен КамАЗ көлігінің жүргізушісі Индер ауданындағы «Көк ат» шаруа қожалығы орналасқан учаскеге таяу маңнан аман-есен табылды» деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.