Әбілқайыр ханның Елизавета патшайымға жазған 200 беттік хаты табылды
Әбілқайыр ханның Елизавета патшайымға жазған 200 беттік хаты табылды
155
оқылды

Ақтөбелік ғалымдар Орынбор мемлекеттік мұрағатынан Әбілқайыр ханның Елизавета патшайымға жазған хатын тапты.

КТК телеарнасы таратқан ақпарға сәйкес хатта жаңа қаланы салу туралы өтініш берген. Құжат қазір ежелгі славян тілінен аударылуда.

Облыстық мұрағат қызметкерлері бұған дейін белгісіз болып келген тарихтың жаңа қыры ашылатынына сенімді. 300 жылдық құжат 200 беттен тұрады екен. Хатта Әбілқайыр ханның қала тұрғызу туралы өтініші бары белгілі. Сондай-ақ онда хиуалықтар тұтқынға алған ұлы Ералының да есімі аталады. Алайда хатта толық не жазылғаны оны аударған соң анықталады. Қала салу туралы өтініштің мақұлданғаны айқын, бірақ ғалымдарға дәл қай қаланы салудың мақұлданғанын тексеру қажет.

«Біздің болжамымызша бұл Орск немесе Бердский қалалары болуы мүмкін. Құжатта 1741-42 жылдар деп жазылған, бұл қалалар да сол уақытта бой көтерген еді», - дейді Ақтөбе облыстық мұрағатының ғылыми қызметкері Нұрлан Есетов.