Гандидің мүрдесінің қалдығы қолды болды
Гандидің мүрдесінің қалдығы қолды болды
115
оқылды

Әлдекімдер Орталық Үндістан мемориалында сақталған Махатма Гандидің мүрдесінің күлін қолды етті. Бұл туралы India Today хабарлайды.

Ұрлық Үндістанның ұлт-азаттық қозғалысының жетекшісінің 150 жылдығын тойлау қарсаңында болған.

Ганди мемориалын бақылаушы мүрденің күлінің жоғалып кеткенін кешке байқайды. Ер адамның сөзінше белгісіз біреулер үнді лидері бейнеленген плакатты сызып қоймай, оған «сатқын» деп жазып кеткен. Кейбір үнді ұлтшылдары Гандиді сатқын деп санайды, өйткені ол үнділер мен мұсылмандардың бейбіт түрде қатар өмір сүруін жақтаған.

Гандиді ұлықтаушылар болса, ұрлық жасағандарды тез арада табуды талап етіп, наразылық акциясын жасады.

Оқиғаға байланысты жергілікті полиция тергеу амалдарын бастады. Күдіктілер «Мемлекеттің ұлттық бірлігіне селкеу түсірді» деген айыпқа ілікті.

Махатма Ганди – үндістандық саясат және қоғам қайраткері. Үндістанның Ұлыбританиядан егемендік алу жолындағы күресін басқарған лидерлердің бірі.

Ганди 1948 жылы "Хинду Махасабха" радикалды қозғалысының белсенділерінің қолынан қаза тапты. Қаза тапқаннан кейін саясаткердің денесін майлап, тұрғындар қоштаса алуы үшін мүрдесінің қалдығын бірнеге бөлікке бөлген. Сосын мүрденің күлінің жартысын өзенге ағызып жіберсе, жартысын Үндістан аумағындағы бірнеше мемориалға қойған.