Facebook жаңа мессенджер ұсынды
Facebook жаңа мессенджер ұсынды
101
оқылды

Facebook комапниясы Instagram қолданушыларына тез арада хат-хабар алмасуға арналған жаңа мессенджер ұсынды. Бұл туралы компанияның сайты хабарлайды.

Threads деп аталатын мессенджер Instagram-дағы ең жақын достар тізіміне енгендермен қарым-қатынасқа арналған. Ол арқылы видеофайлдар мен фотолар, мәтін жіберуге болады.

Threads-те қолданушыға екінші қолданушының қайда жүргенін білуге мүмкіндік беретін функция бар. Әрі оның қазір немен айналысып отырғанын да хабардар ете алады. Яғни қолданушы өзінің мекен-жайын көрсетіп қана қоймай, не істеп отырғаны туралы статус та қоя алады.