Қытайдағы Шыңжай-Ұйғыр автономиялық ауданы Тарым бассейнінен табиғи газдың ірі кен орны табылды деп хабарлайды ҚХР билігі.
Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясының (CNPC) мамандары тәулігіне 18,2 мың куб метр газ бен115,15 куб. метр конденсат өндіруге қабілетті ұңғыманы тапқан. Оған "Боцзы-9" деген атау берілді.
2019 жылы Қытай табиғи отынның 80 пайызы орналасқан Тарым бассейніндегі кен орындарын жасақтау жұмыстарын күшейткен еді.
Бүгінгі күні бұл жерде 14 миллионға жуық терең кен орны ашылды. Бұл жылына екі миллион тоннаға жуық өндіріс қарқынын қамтамасыз етіп, 10 миллиард куб метр табиғи газ өндіруге мүмкіндік береді.