Таяуда Димаш саундтрегін орындаған Джеки Чанның жаңа фильмі көрсетіледі

Таяуда Димаш саундтрегін орындаған Джеки Чанның жаңа фильмі көрсетіледі

Жаңа фильм жайында әнші Instagram парақшасында жазды.

Димаш Құдайберген: «Таяу күндері мен әнін шырқаған Джеки Чанның «Авангард» фильмі жарыққа шыққалы жатыр. 30 қыркүйектен бастап кинотеатрдан көріңіздер», – деп парақшасында жазды.

Димаш Құдайберген мен Джеки Чан Қытайда өткен I am Singer жобасынан кейін танысып, әйгілі актерді Қазақстанға шақырған болатын. Джеки Чанға шапан жауып, домбыра сыйлаған.