Лицензиясынан айырылған Tengri Bank салымшылары ақшасын қай банктен алады?
Лицензиясынан айырылған Tengri Bank салымшылары ақшасын қай банктен алады?
Фото: Интернеттен алынды

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры агент банк ретінде «Еуразиялық банкті» таңдап отыр. Қордың қаражаты есебінен кепілдік берілген өтемді «Tengri Bank» салымшыларына осы банк төлейді.

«Tengri Bank» АҚ депозиттерінде, ағымдағы шоттарында және карточкаларында қаражаты бар жеке тұлғалар мен кәсіпкерлер өтем алуға өтініш бере алады. Кепілдік берілген өтем төлеуге өтініштер қабылдау 2020 жылдың 30 қыркүйегінен басталады. Салымшылар «Еуразиялық банк» бөлімшелері елдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, кезек күтуді азайту мақсатында «Tengri Bank» АҚ салымшыларына таяудағы демалыс күндері – 3-4 қазан күндері қосымша қызмет көрсетеді.