Головкин МакГрегормен жұдырықтасуға қатысты ойын айтты
Головкин МакГрегормен жұдырықтасуға қатысты ойын айтты

Боксшы Геннадий Головкин украин боксшысы Сергей Деревянченкомен осы жексенбіде өтетін бокс кешінің алдында Dan Patrick Show-ға қатысты. Шоу барысында Головкин ирландық МакГрегормен бокс ережесі бойынша жұдырықтасып келгісі келеді ме деген сұраққа жауап берді.

Головкиннің сөзінше UFC бөлек әңгіме. «Егер мен UFC ережесімен жүрер болсам, ол Конорға үлкен сый болар еді. Ал егер Конор бокс ережесімен жүрер болса, бұл мен үшін үлкен сый», - деді боксшы.

Атап өтерлігі 2016 жылы МакГрегор кәсіби бокста өзін сынап көргісі келетінін айтқан еді.