Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Мәдениет

Теңіз тағдырын толғаған туынды

Әбдіжәміл Нұрпейісов –  ХХ ға­сырда қазақ әдебиетіне зор үлес қо­сып, асқар биігіне шыққан Қазақ­станның халық жазушысы. Осы орай­да, бүгін аудан әкімдігі мен аймақ­тық «Рухани жаң­ғыру» орталығының ұйым­дас­тыруымен Қызыл­орда облысында қа­зақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында «Теңіз тағдырын толғаған туынды» та­қыры­бын­да Ә.Нұр­пейісовтің «Соңғы па­рыз» романы бо­йынша дебат өт­кізілді.

«Айқын» ақпарат
Қыркүйек 25, 2020
Мәдениет, Жаңалықтар, Қазақстан
A.Nyrpeisov
45
қаралым

Басты мақсат – Қазақ­станның халық жазушысы, әлем оқырманына танымал Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романын талдау арқылы бәсекелік қабілет пен са­наның ашықтығын дамыту, ұлттық біре­гейлікті сақтай отырып, әлемдік мәдениет көшіне ілесу,  ең бастысы қазақ халқының рухани бай дүниесін паш ету.

Арнайы заңғар жазушының туған топырағы Арал ау­данында өткен шараның ашылу салтанатында «Nur Otan» пар­тиясы аудандық филиалы тө­рағасының бірінші орынбасары Т.Қанатов «Бүгін мінеки, Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында  жазушы шы­ғармашылығына терең үңіліп, «Соңғы парыз» романын талдау арқылы қазақ халқының рухани бай дүниесін паш ету көзделіп отыр.

Ендеше ойы орамды, тілі жүйрік, сөз мәйегінің семсерін сілтеп, қарымды қа­лам­гер-жазушының шығармашылығын талдауға келген барша дебат қатыс­ушы­ларына сәттілік, шалқар шабыт тілей­мін!» деп ізгі ниетін білдірді.

Тарихи тағылымға толы туынды

Сананы сілкіндірген «Рухани жаңғыру»

Kitap fest фестивалі басталды

Облыстық сайысқа Қызыл­орда, Арал, Қазалы, Шиелі, Қар­мақшы, Жалағаш және Сыр­дария аудандарының ұс­таз­дары­нан құралған жеті топ қатысты. Сайыс­тың әділ­қазылар құрамында: ай­мақтық «Ру­хани жаңғыру» орталығының «Тәрбие және білім» бөлімінің басшысы Ә.Әбдіқалықова, «Рухани қазына» бө­лімінің басшысы С.Қосанов, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, журналист Қ.Есемсейітова және Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің аға оқытушысы, фи­лология ғылымдарының кан­дидаты А.Айтбаева мен «Өр­леу» БАҰО АҚ Қызылорда об­лысы бойынша педагог қыз­меткерлердің біліктілігін арт­тыру институтының аға оқы­тушысы, халықаралық тренер М.Омарова болды.

Дебат барысында әр топ шығарма желісіндегі оқиғалар легін «жақтаушы» және «дат­таушы» негізде қарастырып, ро­мандағы көріністерді жік-жігімен талдап, ойларын ортаға салды. Дебат барысында әр ұстаз өн бойындағы дара қа­сиет­тері мен білімі арқылы оқу­шылардың белсенді азаматтық болмысын, тұлғалық қасиетін қалыптастыра алатын деңгейде екенін дәлелдеп шықты.

Осылайша, төрт сағат­ты қамтыған сайыс қорытын­дысына сәйкес, I орын –  Шиелі ауданының тобына, II орын  қасиет тұнған Арал ауданының тобына  бұйырды. Ал Қазалы ауданының қатысушылары III орыннан көрінді. Бұған қоса, сайысқа белсене қатысқан мұ­ғалімдерге түрлі марапат пен ал­ғысхат табыс етілді.     Арал ауданында Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романы бо­йынша облыстық де­бат өт­кізілді. Аудан әкімдігінің және аймақтық «Рухани жаңғыру» орталығының ұйымдастыруымен өткізілген дебат аясында «Ә.Нұрпейісовтің шығармалары арқылы оқыр­мандық қызығушылықты қа­лыптастыру тәжірибемізден» атты көрме ұйымдастырылған болатын. Аталған көр­­меге об­лыстық шараға қатысушы ко­мандалар белсене қатысып, өз көрме бұ­рыштарын таныстырып өтті.

Көрме сайысының қорытын­дысы бойынша, I орынды – Арал ауданы, II орынды – Қазалы ауданы және III орынды Жалағаш ауданы иеленді.

 

 

Миуа БАЙНАЗАР

 

 

 
Тегтер: «Соңғы парыз» романыӘбдіжәміл НұрпейісовРухани жаңғырутеңіз тағдырытуындыХалық жазушысы
Алдыңғы жаңалық

Шығыс Қазақстанда қар жауды

Келесі жаңалық

«Тексеруге хақымыз жоқ» – Ақтау әкімдігі «Достар» жағажайы туралы мәлімдеме жасады

Ұқсас жаңалықтар

Боран
Жаңалықтар

Боранда жүргізушілерге жүгіріп жүріп жол көрсеткен полицей марапатталды

Ақпан 24, 2021
Түркістан
Жаңалықтар

Түркістаннан Ыстанбұлға халықаралық әуе рейсі ашылады

Ақпан 24, 2021
Қостанай
Жаңалықтар

Қостанай облысы тұрғынынан мыңнан астам героин дозасы тәркіленді

Ақпан 24, 2021
Instagram
Жаңалықтар

Instagram-да алаяқтар жүргізуші куәлігін сатып жүр

Ақпан 24, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Боранда жүргізушілерге жүгіріп жүріп жол көрсеткен полицей марапатталды

Ақпан 24, 23:22

Түркістаннан Ыстанбұлға халықаралық әуе рейсі ашылады

Ақпан 24, 22:43

Қостанай облысы тұрғынынан мыңнан астам героин дозасы тәркіленді

Ақпан 24, 22:23

Instagram-да алаяқтар жүргізуші куәлігін сатып жүр

Ақпан 24, 21:45

Ермұхамет Ертісбаев: Қазақстанға төңкеріс керек пе?

Ақпан 24, 21:18

Үш облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

Ақпан 24, 21:07

Елорданы цифрландыру: 2020 жылы тіркелген қылмыс саны 30%-ға азайды

Ақпан 24, 20:47
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Боран

Боранда жүргізушілерге жүгіріп жүріп жол көрсеткен полицей марапатталды

Ақпан 24, 2021
Түркістан

Түркістаннан Ыстанбұлға халықаралық әуе рейсі ашылады

Ақпан 24, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»