Теңіз тағдырын толғаған туынды
Теңіз тағдырын толғаған туынды
148
оқылды
Басты мақсат – Қазақ­станның халық жазушысы, әлем оқырманына танымал Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романын талдау арқылы бәсекелік қабілет пен са­наның ашықтығын дамыту, ұлттық біре­гейлікті сақтай отырып, әлемдік мәдениет көшіне ілесу,  ең бастысы қазақ халқының рухани бай дүниесін паш ету. Арнайы заңғар жазушының туған топырағы Арал ау­данында өткен шараның ашылу салтанатында «Nur Otan» пар­тиясы аудандық филиалы тө­рағасының бірінші орынбасары Т.Қанатов «Бүгін мінеки, Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында  жазушы шы­ғармашылығына терең үңіліп, «Соңғы парыз» романын талдау арқылы қазақ халқының рухани бай дүниесін паш ету көзделіп отыр. Ендеше ойы орамды, тілі жүйрік, сөз мәйегінің семсерін сілтеп, қарымды қа­лам­гер-жазушының шығармашылығын талдауға келген барша дебат қатыс­ушы­ларына сәттілік, шалқар шабыт тілей­мін!» деп ізгі ниетін білдірді. Облыстық сайысқа Қызыл­орда, Арал, Қазалы, Шиелі, Қар­мақшы, Жалағаш және Сыр­дария аудандарының ұс­таз­дары­нан құралған жеті топ қатысты. Сайыс­тың әділ­қазылар құрамында: ай­мақтық «Ру­хани жаңғыру» орталығының «Тәрбие және білім» бөлімінің басшысы Ә.Әбдіқалықова, «Рухани қазына» бө­лімінің басшысы С.Қосанов, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, журналист Қ.Есемсейітова және Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің аға оқытушысы, фи­лология ғылымдарының кан­дидаты А.Айтбаева мен «Өр­леу» БАҰО АҚ Қызылорда об­лысы бойынша педагог қыз­меткерлердің біліктілігін арт­тыру институтының аға оқы­тушысы, халықаралық тренер М.Омарова болды. Дебат барысында әр топ шығарма желісіндегі оқиғалар легін «жақтаушы» және «дат­таушы» негізде қарастырып, ро­мандағы көріністерді жік-жігімен талдап, ойларын ортаға салды. Дебат барысында әр ұстаз өн бойындағы дара қа­сиет­тері мен білімі арқылы оқу­шылардың белсенді азаматтық болмысын, тұлғалық қасиетін қалыптастыра алатын деңгейде екенін дәлелдеп шықты. Осылайша, төрт сағат­ты қамтыған сайыс қорытын­дысына сәйкес, I орын –  Шиелі ауданының тобына, II орын  қасиет тұнған Арал ауданының тобына  бұйырды. Ал Қазалы ауданының қатысушылары III орыннан көрінді. Бұған қоса, сайысқа белсене қатысқан мұ­ғалімдерге түрлі марапат пен ал­ғысхат табыс етілді.     Арал ауданында Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романы бо­йынша облыстық де­бат өт­кізілді. Аудан әкімдігінің және аймақтық «Рухани жаңғыру» орталығының ұйымдастыруымен өткізілген дебат аясында «Ә.Нұрпейісовтің шығармалары арқылы оқыр­мандық қызығушылықты қа­лыптастыру тәжірибемізден» атты көрме ұйымдастырылған болатын. Аталған көр­­меге об­лыстық шараға қатысушы ко­мандалар белсене қатысып, өз көрме бұ­рыштарын таныстырып өтті. Көрме сайысының қорытын­дысы бойынша, I орынды – Арал ауданы, II орынды – Қазалы ауданы және III орынды Жалағаш ауданы иеленді.    

Миуа БАЙНАЗАР