Украинада ұшақ апатты қонды: қаза тапқандар бар
Украинада ұшақ апатты қонды: қаза тапқандар бар
5,144
оқылды

Украинада Ан-12 ұшағы Львов маңындағы әуежайда апатты қонды. Экипаж мүшелері эвакуацияланды. РИА Новости ақпарына сәйкес төрт адам қаза тапқан.

Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 10.10-да Львов халықаралық әуежайына 13,7 шақырым қашықтықта жақындағанда Ан-12 көлік ұшағы радардан жоғалып кетеді.

«Сағат 7.29-да экипаждың бір мүшесі байланысқа шығып, Ан-12 ұшағы апатты қонғанын хабарлады. 7.46-да Ан-12 ұшу-қону жолағынан бір жарым шақырым қашықтықта табылды. Өрт жоқ. Сынған ұшақтан экипаж мүшелерін босату жұмысы жүруде», - деп мәлімдеді елдің төтенше жағдайлар қызметінің баспасөз қызметі.