Құс тұмауына – 1 миллион вакцина

Құс тұмауына – 1 миллион вакцина

«Жануарлардың аса қауіпті ауру­ларының алдын алу бойынша 2020 жылға бекітілген ветеринариялық іс-шаралар жоспарына сәйкес, жыл басынан бері құс тұмауына қарсы вакциналардың 3 377 900 дозасы та­ратылды. Құс тұмауының тіркелуіне байланысты республикалық қордан қо­сымша 1 359 148 доза вакцина бөлінді (СҚО – 873 мың доза, Қостанай облысы­на – 21 мың, Павлодар облысы – 465 мың доза)», – дейді министрлік. Сондай-ақ 2020 жылдың 22-23 қыр­күйегінде өңірлерге қосымша 1 015 518 вак­цина берілген: Ақмола облысы – 510 300 доза, Қостанай облысы – 345 218 доза, Қа­рағанды облысы – 100 000 доза; Жамбыл облысы – 60 000 доза. Сондай-ақ қосымша 699 355 вакцина сатып алынған. Олар 1 қазанға дейін жеткізіледі. Еске сала кетсек, бүгінде құс тұмауы тіркелген облыстардың саны жетеу болды.  

Назгүл ЕРЖАНҚЫЗЫ