«Абай» мәдени танымдық залы ашылды
«Абай» мәдени танымдық залы ашылды
138
оқылды
Мәдениет және спорт министр­лігінің қолдауымен өткен іс-шараға Ұлттық академиялық кітапхана мен Жазушылар одағының басшылығы, Әмірліктердегі отандастарымыз бен бірқатар шет мемлекеттердің елшілері, сондай-ақ қоғам қайраткерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Ашылу салтанатында сөз сөй­леген Қазақстанның елшісі Мадияр Меңілбеков: «Абай» мәдени-таным­дық залы қазақ халқының әдеби мұ­расын шетелдегі отандастарымыз арасында дәріптеуге, жергілікті оқыр­ман қауымды қазақ классигінің шы­ғармаларымен таныстыруға мол үлесін қосады», – деді. Елші М.Меңілбеков Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласына тоқталып: «Жаңа қоғамның жанашыры, әлемдік мә­дениеттің тұлғасы, ұлы ақын Абай Құнанбайұлын еліміздің бренді ретінде халықаралық қоғамдастыққа кеңінен таныстыру – біздің мәртебелі де жауапты міндетіміз», – деп атап өтті.
«Абай» мәдени-танымдық за­лын­да оқырмандар ақынның өмі­рі мен шығармашылығына арнал­ған қазақ, араб және ағылшын тіл­­деріндегі туындылармен таныса ала­­ды. Сонымен қатар аталған зал Қа­зақстан мен Әмірліктер ара­сындағы мәдени ынтымақтастық мә­­­селелеріне арналған ғылыми ба­ғыттағы түрлі жиындарды, баспасөз конференциялары мен басқа да ресми іс-шараларды ұйымдастыру мақ­сатында  қолданылады.  

Назгүл ЕРЖАНҚЫЗЫ