Досының атынан несие рәсімдепті
Досының атынан несие рәсімдепті
114
оқылды
Оның айтуынша, белгісіз адам оның атынан 2,5 миллион теңге несие алған. Тұрғын несие алғанын тек кредит ұйым­дары хабарласып, ақшаны талап еткенде ғана білген.
«Тергеу барысында полиция қызмет­керлері күдіктіні ұстаған. Ол кінәсін мо­йындап отыр. Ал күдікті жәбірленушінің ең жақын досы болып шықты», – дейді Павлодар облысы Полиция де­партаментінің басшысы Нұрлан Мә­симов.
Өткен жылы күдікті досынан жалақы алу үшін банк картасын ашып беруді сұраған. Досы оған көмектесуге келіскен. Кейін күдікті жақын досының жеке мәліметтерін пайдаланып, оның атынан 14 несие рәсімдеген. Ол алған ақшаны букмекерлік компанияға ұтысқа тігіп, ұтылып қалады.  Осыған байланысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.  

Назгүл ЕРЖАНҚЫЗЫ