«Тексеруге хақымыз жоқ» – Ақтау әкімдігі «Достар» жағажайы туралы мәлімдеме жасады
«Тексеруге хақымыз жоқ» – Ақтау әкімдігі «Достар» жағажайы туралы мәлімдеме жасады
Фото: lada.kz
219
оқылды

Ақтау әкімдігінің ресми мәліметінше, жағажайды өз бетінше қоршап жатқандардың рұқсат қағазы жоқ, – деп жазады Lada.kz

Ал жағажайға таяу маңда тұратын тұрғындардың ашу-ызасын тудырған қоршауға қатысты жергілікті атқамінерлер тексеру жүргізе алмайды.

«Мәселе мораторийде болып тұр. Жағажайды заңсыз қоршап жатыр. Шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий жарияланнан бері біз жағажайға өз бетімізше тексеру жүргізе алмаймыз. Қала құрылысы және сәулет басқармасына хат жолдадық», – деп мәлімдеді Ақтау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін аймақтың бас санитар дәрігері Каспий жағалауындағы Rixos қонақүйін үш рет тексеруге барып, кешен аумағына үш рет кіре алмай қайтқан еді.

  https://youtu.be/Iqm7lwI8YaY