Демалыс күндері ауа райы жауын-шашынсыз болады

Демалыс күндері ауа райы жауын-шашынсыз болады

Қазгидромет РМК 26-28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.

"Алдағы күндері Қазақстанның ауа райын солтүстік-батыс антициклоны анықтайды. Оның келуімен ауа райы көбінесе жауын-шашынсыз болады деп күтіледі", - делінген хабарламада.
Тек еліміздің солтүстік-шығыс бөлігі циклон жырасының ықпалында болады, осыған байланысты кей жерлерде жауын-шашын, негізінен жаңбыр жауады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, желдің күшеюі, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл күтіледі.