Қазақстанның профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман Tengri TV тікелей эфирінде қазақстандықтар коронавирустың екінші толқынын болдырмау үшін не істеу керектігін айтты. Оның айтуынша, коронавирустың екінші толқынының болуы-болмауы азаматтардың санасына, олардың санитарлық нормаларды сақтауына және өздерін қорғауына байланысты.
«Қазір коронавирус әлсіреді дегенді көп естіп жүрмін. Алайда бұл олай емес. Егер ол басында "әлсіз" адамдарға (созылмалы жұқпалы аурулары бар қарт адамдар) жұқса, қазір коронавирусты қатты белгісі жоқ болса да, "мықты" адамдар жұқтырып жатыр», - дейді профессор.Алмас Шарман барлық қорғану талаптарын сақтасақ, коронавирустың екінші толқынының ауыр салдарына тап болмаймыз деп есептейді.