Қазақстан мектептері мен балабақшаларында 16 бала коронавирус жұқтырған
Қазақстан мектептері мен балабақшаларында 16 бала коронавирус жұқтырған
© сурет интернеттен аляынды
149
оқылды
Қазақстанның екі облысында мектеп оқушылары коронавирус жұқтырған.  Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов ОКҚ-да өткен брифингте айтты. Оның айтуынша, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облытарында мектептерде кезекші сыныптарда және балабақшада коронавирус жұқтыру деректері тіркелген.
"Барлығы 16 бала коронавирус жұқтырған. Індет анықталған барлық мектеп карантинге жабылды. Жұқтырған балалардың отбасы мүшелері, жұқтырғандармен байланыста болған мұғалім және оқушылар үй карантиніне жіберілді. Әрбір жағдайдың анықталған алғашқы күнінен бастап 14 күн өткен соң барлық білім беру ошақтарында зарарсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Оқушылардың барлығы тағы індетке тексеріледі", - деді  Қожахметов.
Бұдан бұрын ол Солтүстік Қазақстан облысындағы мектептерде  12 оқушы коронавирус жұқтырғанын айтқан болатын.