Қазақстанның екі облысында мектеп оқушылары коронавирус жұқтырған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов ОКҚ-да өткен брифингте айтты. Оның айтуынша, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облытарында мектептерде кезекші сыныптарда және балабақшада коронавирус жұқтыру деректері тіркелген.
Бұдан бұрын ол Солтүстік Қазақстан облысындағы мектептерде 12 оқушы коронавирус жұқтырғанын айтқан болатын.